2025 жылғы 4 шілдеде сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 519,51 теңгені құрады, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда өзгерген жоқ.
Рубль бағамы – 6,59 теңге (+0,0083).
Қытай юанінің таңғы саудадағы бағамы 72,57 теңгені құрады (+0,09).
Еуро бойынша сауда жүргізілген жоқ, оның бағамы – 613,43 теңге деңгейінде қалды.
Валюта айырбастау пунктерінде: доллар 520–521,7 теңге аралығында сатып алынып/сатылуда, еуро – 608,5–613 теңге, рубль – 6,5–6,6 теңге аралығында.
Мұнайдың әлемдік бағасы, алдыңғы сауда сессиясынан кейін арзандауда.
Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы алдыңғы сессиямен салыстырғанда 0,94%-ға төмендеп, барреліне 68,15 долларды құрады.
Ал West Texas Intermediate (WTI) мұнайының бір баррелі 0,85%-ға арзандап, 66,43 долларға дейін түсті.
Бұған дейін Астана және Алматы айырбастау пункттеріндегі 4 шілдедегі валюта бағамы хабарланған болатын.