2025 жылғы 4 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Талғат Тәтібаевтың ұсталғаны белгілі болды. Ақпаратты Бас прокуратура растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2025 жылғы 3 шілдеде Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі 1), 2) тармақтары (азаптау) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Тәтібаев Т.М.-ны ұстады", — делінген таратылған хабарламада.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Тәтібаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросын 2016 жылғы қыркүйектен 2018 жылғы маусымға дейін басқарған. 2018 жылғы шілдеде Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы болып тағайындалып, бұл қызметті 2019 жылғы мамырға дейін атқарды. 2020 жылдан 2022 жылғы наурызға дейін ҚР Әділет министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.