Жыл басынан бері Алматы тұрғындары мен қонақтары демалыс күнгі жәрмеңкелерде 22 800 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін сатып алды, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Оның ішінде: 11,5 мың тоннаға жуық көкөністер мен жемістер, 7,3 мың тоннадан астам ет және ет өнімдері, 2 мың тоннадан астам сүт өнімдері, 1,8 мың тонна бакалея және маринадталған қияр.

Жәрмеңкелерде барлығы 1000-нан астам тауар түрі ұсынылған.

Демалыс күнгі жәрмеңкелері отандық өндірушілерді қолдауға, халықтың қолжетімді бағамен сапалы азық-түлік тауарларын алуына, сондай-ақ қаланың сауда инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Өнім тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өңдеуші кәсіпорындардан делдалдардың қатысуынсыз келіп түседі, бұл бағаны нарық деңгейінен төмендетеді. Жәрмеңкелерді "Алматы "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ("Алматы" ӘКК) ұйымдастырады.

Жыл басынан бері қаланың бес ауданында 210-нан астам жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңке апта сайын, сенбі және жексенбі күндері сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.

Орташа алғанда демалыс күндері Алматы мен Алматы облысының 328 фермерлері мен ауыл шаруашылығы өндірушілерінен келетін 800 тоннадан астам өнім сатылады.

Жәрмеңкелер өтетін орындар:

* Алмалы ауданы: Масанчи көшесі, Гоголь көшесі мен Әйтеке би көшесі арасында.

* Бостандық ауданы: Қазақфильм ш/а, Исиналиев көшесі.

* Әуезов ауданы: Өтеген батыр көшесі — Абай даңғылының төмен жағы.

* Медеу ауданы: Меңдіқұлов бульвары — Бектұров көшесінің қиылысы.

* Алатау ауданы: "Мәдениет" ТҮК.