Ұлттық статистика бюросы Астана күніне орай еліміздің бас қаласы туралы қызықты деректерді ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы 1 маусымдағы дерек бойынша, Астанада 1 566 566 адам тұрады.

2. Ерлерге қарағанда әйелдер көп: 823 766 әйел, 742 800 ер адам;

3. 2025 жылғы І тоқсанда 6 025 сәби дүниеге келген;

4. 2025 жылғы І тоқсанда 1 914 неке тіркелген;

5. Күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 78,52 жыл;

6. Жоғарғы оқу орындары саны – 14;

7. Театрлар саны – 10;

8. Мұражайлар саны – 7;

9. Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 295 179 (2025 жылғы 1 маусымдағы мәлімет бойынша);

10. Қазақстанда Астана есімді 24 адам тұрады.