Мемлекет басшысы Алжир Президенті Әбделмәжид Теббунға құттықтау жеделхатын жолдады , деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент Алжир мемлекетінің өсіп-өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан мен Алжир арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген серіктестік екі ел халықтарының игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.