Қазақстан әйелдер құрамасының сапында өнер көрсететін Аида Әбікеева, елордада өтіп жатқан Әлем кубогының жартылай финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақтың 1/2 финалында 2020 жылғы Олимпиада чемпионы Бусеназ Сурменелимен (Түркия) кездесті.

Нәтижесінде, үш раундтың қорытындысы бойынша Түркия өкілі финалға өтті.

Осылайша, Аида Әбікеева (65 келіге дейін) Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші қола медальді салды.