Америкалық кәсіпкер, миллиардер Илон Маск жеке саяси партиясын құратынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Илон Маск 5 шілдеде X (бұрынғы Twitter) желісінде жаңа партия құратынын мәлімдеді.
Бұған дейін ол желідегі оқырмандары арасында сауалнама жүргізген. Олардың 65,4 пайызы жаңа партияның құрылуын қолдаған.
"Еліміз ысырап пен жемқорлықтың кесірінен банкротқа ұшырауға шақ қалғалы тұр, біз шын мәнінде демократияда емес, бірпартиялық жүйеде өмір сүріп жатырмыз. Бүгін The America Party сіздердің еркіндігіңізді қайтару үшін құрылды", — деп жазды миллиардер әлеуметтік желідегі аккаунтында.
Бұл бастама Маск пен АҚШ президенті Дональд Трамп арасындағы кезекті шиеленіспен тұспа-тұс келді. Миллиардер бұрын Трампты ашық сынаған еді.
Айта кетейік, Илон Маск — әлемдегі ең бай адам (Forbes бағалауы бойынша оның байлығы — 405 млрд доллар).