Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Әлем кубогының финалын Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жанкүйерлермен бірге тамашалап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

World Boxing Әлем кубогының бірінші кезеңіне қатысу үшін 29 елден 250 боксшы келді.

Бұл – рейтингтік жарыс. Жеңімпаздардың әрбір ұпайы олимпиадаға жолдама алуға әсер етеді.

Еске салайық, Назым Қызайбай бокстан Әлем кубогында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Ал Махмұд Сабырхан жекпе-жексіз алтын медальға ие болды.