7 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде күн райының бұзылатынына байланысты сипоптиктер ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
7 шілдеде Атырау облысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ертең күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз 35-37 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында өте жоғары, ал облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының таулы аймақтарында күндіз найзағай ойнайды. Солтүстікте, оңтүстікте оңтүстік-батыстан соғатын жел, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстікте, батыста, облыстың орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ертең және бүрсігүні Ақтөбе облысының орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Бүгін түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, шығысында және оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Дүйсенбіде Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
7 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Найзағай ойнап, күндіз бұршақ күтіледі. Батыс және оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 23 м/с-қа жетеді. Облыс орталығында – жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыста, солтүстікте, Абай облысының орталығында күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік, шығыс, облыс орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
7 шілдеде Қызылорда облысының солтүстігі мен оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде солтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні – 15-20 м/с. Күндіз 40 градусқа дейін қатты ыстық күтілуде. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ал Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз батыста, солтүстікте, облыстың шығысында екпіні 23 м/с-қа жетеді.
Бүгін түнде Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан облыстың оңтүстігі мен шығысында жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстік-батысында аса жоғары өрт қаупі сақталады.
Ертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында да найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
Астанада 7 шілдеде күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с.
Сондай-ақ ертең Жамбыл облысының таулы аймақтарында – солтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел соғады. Облыста өрт қаупі бар.
Жетісу облысында солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз облыстың шығысы мен солтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады.
Дүйсенбіде күндіз Маңғыстау облысының орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел күтіледі, облыс орталығында солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с болады. Өңірде өрт қаупі жоғары, облыстың солтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.