7 шілдеде Астана, Алматы және Қазақстанның тағы 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада 7 шілдеде найзағай мен бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
Алматы облысының таулы аймақтарында дүйсенбі күні найзағай болады деп күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, ал солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
Атырау облысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында күндіз найзағай болжануда. Сонымен қатар, өңірде аптап ыстық +35…+37°С дейін көтеріледі.
Ақтөбе облысының орталығында 7–8 шілде аралығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ал оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында – жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай болады. Күндіз батысы мен солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан, солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қаласында 7 шілдеде найзағай болжануда.
Ақмола облысының солтүстігі, оңтүстігі және шығысында найзағай мен бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыс желі 15-20 м/с дейін күшейеді. Көкшетауда найзағай және 15-18 м/с дейінгі жел екпіні күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ және дауыл болады. Жел батыстан және оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с дейін жетеді. Өскеменде найзағай мен бұршақ күтіледі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде және орталығында найзағай, бұршақ, дауыл болжануда. Жел батыстан және солтүстік-батыстан, екпіні 15-20 м/с, кейде 23 м/с дейін. Семейде найзағай мен бұршақ күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігі мен оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Жел солтүстіктен, екпіні 15-20 м/с. Күн ысиды – +40°С дейін.
Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде қатты жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ және дауыл болжанады.
Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында найзағай болжануда. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен, екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында найзағай мен бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-батыс желі 15-20 м/с күтіледі.
Жетісу облысының шығысы мен солтүстігінде аптап ыстық сақталады – +35…+37°С. Жел солтүстік-батыстан соғады, шығыста екпіні 15-20 м/с дейін.
Маңғыстау облысының орталығында найзағай болжанады. Жел солтүстік-батыстан және солтүстіктен, екпіні 15 м/с дейін.