Абай облысында ТЖМ құтқарушылары құтыда қысылып қалған бес жасар қызға көмекке келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл жайлы ҚР ТЖМ-нің 2025 жылғы 7 шілдеде таратқан ақпаратынан белгілі болды. Оқиға Абай облысында орын алған.
"Абай облысы Аягөз қаласында жеке үйдің ауласында ойнап жүрген бала алюминийден жасалған құтыға кіріп, шыға алмай қалды. Бұл жағдай оның ата-анасының көз алдында болған, олар өз күштерімен баланы шығара алмай, құтқарушылардан көмек сұрады",- делінген ақпаратта.
Қазір балаға қауіп жоқ. Ол медициналық көмекке мұқтаж емес.