Tанымал алматылық блогер, Instagram желісінде archibaaalt лақап атымен белгілі Артур Асқарұлы сүйіктісі Замираға үйленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Заңды түрде неке қию рәсімінде түскен суреттер мен бейнелерді жас жұбайлар 2025 жылдың 8 шілдесінде Instagram парақшаларында бөлісті.
"Бүгін бізге бір жыл! Енді ресми түрде ерлі-зайыптымыз", – деп жазды Артур мен Замира.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Артур Аскарулы (@archibaaalt)
Сондай-ақ блогер жұбайының өз тегін алған-алмағаны туралы да айтып өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Артур Аскарулы (@archibaaalt)
"Аскарұлы Замира – жақсы естіледі ғой", – деп қалжыңдады Артур.
Көп уақыт бойы сүрбойдақ атанып жүрген Асқарұлы достары – блогерлер Арман Юсупов пен Карина Оксукпаеваның үйлену тойынан архивтік фотосын да жариялап:
"Бәрі өз уақытымен", – деп жазды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Артур Аскарулы (@archibaaalt)
Әріптестері, достары мен оқырмандары Артур мен Замираны ерекше күнімен құттықтап, бақыт тіледі.
Бұған дейін Әли Оқапов жаңа шоудың жүргізушісі болғандығын жазғанбыз.