Қазақстандық ауыр атлет Денис Полубояринов Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия біріншілігінде чемпион атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дениске тең келер ешкім болмады.
Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 376 (163+213) келі көтеріп, жарыста топ жарды. Сондай-ақ, серпе көтеру сайысында Азия рекордын жаңартты.
Екінші орынға өзбекстандық Руслан Рахматжонов орналасты — 345 (155+190) келі. Үшінші орынды Бахрейн өкілі Джон Мурилло иеленді — 334 (154+180) келі.