Отандасымыз Айым Қанағатова Tennis Europe Amstelpark Tennis Academy Trophy 2025 атты халықаралық турнирде топ жарды, деп жазады kazinform.kz.
Жас спортшылар арасындағы жарыс Амстердам қаласында өтті. Онда Нидерланд, Қазақстан, Ресей, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия және басқа да елдерден барған 19 елдің 64 теннисшісі бақ сынады.
Аталған турнирде қазақстандық теннисші Айым Қанaғатова қарсыластарынан басым түсіп, жеңіс тұғырына көтерілді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз