Алматыда бірқатар автобустардың жүріс бағытына Әуезов ауданына қарасты Достық ықшам ауданында су құбыры және кәріз жүйелерінің тарату желілерінің құрылысына байланысты өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы көлік холингі " ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, автобустардың жүріс кестесіне өзгеріс 10 шілдеден бастап енгізіледі.

  • №50 – Солтүстік бағытта: Әшімов к. – Абай д. – Яссауи к., әрі қарай сызба бойынша. Кері бағытта: Яссауи к. – Абай д. – Әшімов к., әрі қарай сызба бойынша.
  • №52 – Солтүстік бағытта: Гроза к. – Қонаев к. – Әшімов к. – Абай д. – Яссауи к., әрі қарай сызба бойынша. Кері бағытта: Яссауи к. – Абай д. – Әшімов к., әрі қарай сызба бойынша.
  • №126 – Оңтүстік бағытта: Яссауи к. – Абай д. – Әшімов к.нің шығыс бағытындағы көпірдң астындағы бұрылыс – Абай д. – Момышұлы к. – Шаляпин к. – Саин к. – Жандосов к., әрі қарай сызба бойынша. Кері бағытта: Гроза к. – Қонаев к. – Әшімов к. – Шаляпин к. – Момышұлы к. – Абай д. – Яссауи к., әрі қарай сызба бойынша.
  • №139 – Оңтүстік бағытта: Яссауи к. – Абай д. – Әшімов к. – Рысқұлов к. – Гроза к. – Қонаев к. – Жандосов к., әрі қарай сызба бойынша. Кері бағытта: Жандосов к. – Әшімов к. – Абай д. – Яссауи к., әрі қарай сызба бойынша.
  • № 226 – Оңтүстік бағытта: Абай д. – Момышұлы к. – Шаляпин к. – Әшімов к., әрі қарай сызба бойынша. Кері бағытта: Гроза к. – Қонавев к. – Әшімов к. – Абай д., әрі қарай сызба бойынша.
  • №250 – Солтүстік бағытта: Әшімов к. – Абай д., әрі қарай сызба бойынша. Кері бағытта – өзгеріссіз.

Бұған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына ұшырағаны хабарланған.