Қарағанды облысының Балқаш көлінде үрлемелі шеңбердегі сегіз жасар баланы қатты жел жағадан алысқа ұшырып әкетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Екі туысы балаға өздігінен жетуге тырысқаны, бірақ қатты жел мен тулаған толқындардың салдарынан бұл қауіпті болғаны айтылады.
"Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында бала мен екі ер адам аман-есен жағалауға жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ кезекті рет мыналарды еске салады:
- Балаларды судың қасында қараусыз қалдырмаңыз;
- Қайықпен, катамарандармен және SUP-бордтармен сырғанағанда құтқару кеудешелерін пайдаланыңыз;
- Ауа райы жағдайы мен желдің бағыт-бағдарын қадағалаңыз.
Бұған дейін Алматы облысында учаскелік полицейлер Ақсай өзеніне аяғы тайып, құлап кеткен әйелді құтқарып қалғанын жазғанбыз.