Ақ үй Қазақстандағы АҚШ елшісі лауазымына Джули Стаффтың кандидатурасын қарастырып жатыр, деп хабарлайды Ақ үйге сілтеме жасаған KAZ. NUR.KZ.
Ақ үйдің сайтында АҚШ-тың бірқатар елдегі елшісіне лаузымына үміткерлердің тізімі жарияланды. Мәселен, Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына Огайо штатынан Джули Стаффт ұсынылған.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайтындағы мәліметке сүйенсек, Джули Стаффттың дипломатиялық қызметтегі тәжірибесі мол. Бұрын ол АҚШ-тың Молдова мен Джибутидегі елшісінің орынбасары қызметін атқарған.
Ол сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде, Мемлекеттік департаменттің жедел орталығында, Ресейде, Эфиопияда және Польшада қызмет еткен.
Джули Стаффт Стаффт орыс, румын, француз және поляк тілдерін меңгерген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз