Үкімет 2025 жылғы 10 маусымдағы қаулысымен "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы (АЭА) Маңғыстау облысының Ақтау және Жаңаөзен қалаларының, Маңғыстау облысының Мұнайлы, Қарақиян және Түпқараған аудандарының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде Маңғыстау облысының аумағында орналасқан.

АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.

АЭА аумағы 3656,1719 гектардан 4407,503 гектарға дейін ұлғайтылды. АЭА құрамына Ақтау халықаралық әуежайы кіреді және Қазақстан Республикасы аумағының құрамдас бөлігі болып табылады.

АЭА аумақтарының жоспары да жаңартылды.

АЭА аумағына мыналар кіреді:

  • Порт аймағы – 656,3543 га;
  • Индустриалды аймақ – 2021,1487 га;
  • Логистикалық аймақ – 1730 га.

2052 жылға қарай АЭА үшін жаңа нысаналы индикаторлар белгіленді:

  • Жалпы инвестиция көлемі – 980 млрд теңге; (590 млрд болды)
  • АЭА аумағында тауарлар мен қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі – 1600 млрд теңге; (640 млрд теңгені құрады)
  • Қатысушылар (компаниялар) саны – 150 бірлік; (- 80 болды)
  • АЭА аумағында құрылған жұмыс орындарының саны – 5800 адам; (болды – 4300)
  • АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі – 83%. (болды – 78%)

Қаулы 2025 жылғы 10 маусымда күшіне енді.

"Ақтау теңіз порты" АЭА бойынша қызмет түрлері кеңейтілгенін хабарлаған болатынбыз.