Бір ер адам Астанадағы Министрліктер үйінің кіреберісіне жанғыш қоспа лақтырып, салдарынан өрт шыққан. Полицейлер күдіктіні ұстаған деп, хабарлайды Астана қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнында түсірілген кадрлар Telegram-дағы Astanovka_98 арнасында жарияланды.

"Бүгін таңғы сағат 8 шамасында Министрліктер үйінің №11 подъезінде өрт шықты. Бір адам Оқу-ағарту министрлігінің ғимаратына кіріп, турникетке жанғыш қоспа лақтырған", — делінген желіде жарияланған видео сипаттамасында.

Хабарламада өрттің тез арада сөндірілгені айтылған.

Елордалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті анықталып, ұсталған.

"Полиция қызметкерлері Министрліктер үйінің кіреберісіне өрт қойған 24 жастағы азаматты анықтап, ұстады. Өртті Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тез арада сөндірді. Зардап шеккендер жоқ", — деп хабарлады ведомстводан.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ASTANA / НОВОСТИ / АСТАНА (@astanovka98)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз