10 шілдеде Үндістанның Харьяна штатында қайғылы оқиға болды. 25 жастағы кәсіби теннисші Радхика Ядавты әкесі отбасылық жанжал кезінде үйінде атып өлтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Times of India басылымының мәліметінше, Дипак Ядав қызына бес рет оқ атқан, оның үшеуі нысанаға дөп жеткен. Бір оқ спортшы қыздың тамағына, екеуі арқасына тиген.

Спортшы алған жарақаттан ауыр халде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады.

Полиция Дипак Ядавты қамауға алып, қаруын тәркіледі. Ол құқық қорғау органы өкілдеріне қызының теннис академиясын басқарғанын, ал өзі оған қарсы болғанын айтқан. Өйткені туыстары мен көршілері ер адамды "қызыңның табысына ғана қарап отырсың" деп жиі сынайтын көрінеді. Билікке таласқан әке мен қыздың арасындағы кикілжің ақыры өліммен аяқталды.

Тағы бір нұсқа бойынша, әкесі қызының әлеуметтік желіде тым белсенділік танытып, видео түсіруге тым әуестеніп кеткеніне ашуланған.

Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаменті жұмысшыларын жаппай жұмыстан босата бастағанын жазғанбыз.