Бас прокуратура Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінің қолдауымен Дубай қаласынан Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының сыбайласын экстрадициялағанын мәлімдеді. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Ол 2022 жылғы 5-7 қаңтар аралығында Алматы қаласында Жұмагелдиевтің бандалық құрамында жаппай тәртіпсіздіктерге белсене қатысқан деген күдікке ілінді.
Қылмыстар жасалғаннан кейін күдікті жасырынған және шамамен үш жыл бойы халықаралық іздеуде болған, кейіннен Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталған", — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалған.
Құзырлы органның мәліметінше, күдіктіге тағылған айыптар бойынша 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (@prokuratura.govkz)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз