Синоптиктер 2025 жылғы 13 шілдеде еліміздің бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар орын алатынын болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК-ның хабарлауынша, мына қалаларда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар белең алады деп күтіледі:

  1. Орал,
  2. Атырау,
  3. Ақтөбе,
  4. Алматы,
  5. Астана.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сондықтан мұндайда қала тұрғындарына мыналар ұсынылады:

  • ашық ауада, әсіресе магистральдардың немесе тас жол бойында жүруден аулақ болу;
  • балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуге кеңес берілмейді;
  • өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар көшеде жүргенде өздерімен бірге дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек;
  • ашық ауада физикалық белсенділікті шектеңіз;
  • дене шынықтыру және спорттық іс-шаралар жабық спорт кешендерінде жүргізілуі керек.

Бұған дейін синопиктер 13 шілдеде еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болатынын ескерткен.