Бөлімдер
Жаңалықтар

Атыраудағы бассейндегі төтенше жағдай: 3 адам ауруханаға жатқызылды

13 шілдеде Атыраудағы бассейндердің бірінде хлордан уланудың ықтимал жағдайы тіркелген. Бұл туралы Атырау өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, медициналық көмекке 14 адам жүгінген. Ауруханаға 3 адам жатқызылған, олардың жағдайы тұрақты. Қалған тұрғындар дәрігерлердің бақылауында.

“Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп, ауа мен судан сынама алынды. Хлор буы шекті мөлшерден аспаған, зертханалық талдау жұмыстары жалғасуда.

Полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу жүріп жатыр”, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ облыс әкімі денсаулық сақтау басқармасына зардап шеккендердің жағдайын бақылауда ұстауды тапсырған.

Бұдан бөлек, өңірдегі бассейндер мен аквапарктерді тексеруге тапсырма берілген.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз