Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет танымал мексикалық спортшы Сауль «Канело» Альвареспен бірге түскен видеосын жариялады, деп хабарлайды 1bol.kz.

Бейнежазбада қазақстандық спортшы мен Альварестің жеке ұшаққа бара жатқанын көруге болады. Ұшақ мексикалық боксшыға тиесілі. Видеоны спортшы өзінің Instagram-парақшасына жүктеген.

Кадр: Instagram / nurmaganbet.bek.kazbekuli

"Мен көтеріліп кеткенмін… Айтсам сенбейсіңдер... Канело братан қыдыртып жүр" — деп әзілдеп жазба қалдырды Бек Нұрмағанбет.

Mundodeportivo басылымының мәліметінше, видеодағы Embraer Legacy 500 үлгісіндегі ұшақтың иесі — Канело. Аталған әуе кемесінің нарықтағы бағасы — шамамен 18,4 миллион доллар.

Канело ұшағы
Кадр: Instagram / nurmaganbet.bek.kazbekuli

Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет қазіргі уақытта "Канелоның" залында жаттығады әрі мексикалықтың спарринг-серіктесі. Қазақ боксшысының даярлығы мексикалық супержұлдыздың жеке бапкерінің қадағалауында.

Бек Нұрмағанбет
Кадр: Instagram / nurmaganbet.bek.kazbekuli

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз