Павлодар тұрғыны көлік ұрлаймын деп жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Ер адам темір тұлпарды тізгіндегені сол еді жол қиылысында өзге екі көлікпен соқтығысқан. Облыстық полиция департаменті әзірге оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Көлікті ұрлау және жол-көлік оқиғасы фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Ер адам Мерседес маркалы көлікті айдап әкеткен. Содан кейін Назарбаев даңғылы мен Ломов көшелерінің қиылысында Лада Гранта мен Хендай Туксон автокөліктерімен соқтығысқан. Салдарынан ұрлаушы апат болған жерде қайтыс болды", — дейді облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Жанна Біләлова.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз