Алдағы жылыту маусымына дайындық кезеңінің ішінде Алматы қаласының Бостандық ауданында жылу желілерін жоспарлы жаңғырту жалғасады.
Жұмыс шеңберінде 1983 жылы пайдалануға берілген, жалпы ұзақтығы 1,5 шақырым болатын жылу трассасы ауыстырылады.
Осыған байланысты, 2025 жылы 16 шілде сағат 23:00 бастап 21 шілде сағат 07.00 дейін Бостандық ауданында Байтұрсынов және Бұқар жырау көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы жабылады.
Сәтбаев көшесімен Масанчи көшесінен бастап Байтұрсынов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс қалпына келтірілді. Жұмыстарды жүргізу барысында Сәтбаев және Байтұрсынов көшелерінің қиылысымен өтетін жол ашық болады.
Шектеулер көрсетілген көше учаскенің астынан өтетін құбыржолдарды жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі. Жаңғырту жұмыстарын жүргізу мерзімінің ішінде тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылмайды.
Аталған жылу трассасы 16 көппәтерлі тұрғын үйдің және басқа да 7 нысан тұрғындарына жылу энергиясын беруді және ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз етеді.
Жалпы алғанда, биыл қала бойынша 39 шақырым жылу желілерін жаңғырту жоспарланған. Бұл тозу деңгейін 54% дейін азайтуға мүмкіндік береді.
Еске саламыз, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ, "2GIS" және "Яндекс карталар" сервистерінде жазылған.
Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. "Алматы жылу жүйесі" ЖШС