Танымал актёр Дәурен Айдарқұлов экс-жұбайы, әнші Ақбота-Нұр Сейтмкағанбетпен қайта қосылмақ ойы бар екенін айтта, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Дәурен аты аңызға айналған Роберт Де Ниромен «әңгімелесіп» отырған видео монтажында айтты. Оған қоса әнші Ақбота-Нұрдың өзі қолдап, пікір қалдырған.

«Есіңде ме, 2016 жылы Ақботаға үйленгенімде бүкіл ел шулап еді ғой? Осы күзде тағы сондай "у-шуды" қайталағым келіп отыр», – дейді ол бейнероликте.

Көпшілік Дәуреннің бұл әрекетіне түрлі жорамал айтуда. Бірі: «Ақбота-Нұрмен қайта қосылмақшы», – десе, енді бірі: «Тағы бір шоу басталғалы жатыр», – деп пікір қалдырған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dauren Aidarkulov (@daurenaidarkulov)