Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтегі брифинг барысында еліміздің 16 млн азаматының дербес деректерінің тарап кету салдарын атады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Тексерушілердің алдын-ала тұжырымдары бойынша, бұл медициналық ұйымдардан тарауы мүмкін. Олар мемлекеттік дерекқорларға қол жеткізеді, содан кейін олардың сақталуын қамтамасыз етпейді. Бұл үшін тиісті жауапкершілік қарастырылған", — деді Үкімет басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, желіде 16,3 миллион қазақстандықтардың жеке деректерінің таралып кеткендігі туралы ақпарат пайда болған.
Кейін қазақстандықтардың дербес деректерінің жаппай таралуы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.