12 шілде күні Шымбұлақтың базалық станциясында Red Bull Dance Your Style Kazakhstan 2025 ұлттық финалы өтті. Бұл тек би додасы емес — нағыз төзімділікке сынақ болды. Күн аптап, ауа таулы, сахнада эмоция қайнап жатты.

Финалға кімдер шықты

Финалға 16 биші жолдама алды: 8-і арнайы шақырылған, тағы 8-і 11 шілдеде Jameson Camp-та өткен ашық іріктеуден өтті.

Биыл сахнада popping, hip-hop, krump, waacking, vogue, сондай-ақ биік өкшелі аяқ киіммен орындалатын батыл стильдер кездесті.

Қатысушылар Алматы, Астана қалаларынан ғана емес, Костанай сияқты өңірлерден де келді.

Образ — би сияқты маңызды

Биыл қатысушылар тек қозғалыс емес, сыртқы келбетке де үлкен мән берді. Әсіресе waacking стилінің өкілдері ерекше көзге түсті — бұл бағытта бейненің өзі би сияқты маңызды. Киім, макияж, қимыл және энергия — барлығы бірге біртұтас сахналық оқиғаға айналды. Бұл стильдің мәдениеті тек пластикамен ғана емес, эстетикамен де жұмыс істейді.

Финалдың ашылуы — Жамиля

Финалдың жарқын сәттерінің бірі — ең жас қатысушы Жамиляның өнер көрсетуі болды.

Ол ашық іріктеуден өтіп, финалдық сеткаға енді. Ерекшелігі — Жамиля Асия Нестайдың шәкірті. Асия – финалға шақырылған қатысушы, әрі 91 тобының хореографы ретінде танымал. Сонымен қатар, Жамиляны жаттықтырып жүрген — осы финалдың жеңімпазы

Даурен (Darren_Pop).

"Бұл мен үшін ерекше тәжірибе болды. Көрермен мен қатысушылардың энергиясынан ләззат алдым. Би — мен үшін сөзсіз сөйлейтін тіл", — дейді Жамиля.

Финал: popping пен hip-hop қақтығысы

Финалдағы басты дуэль — Асия Нестай (hip-hop) пен Дауреннің (popping) баттлы.

Нәтижесінде Даурен жеңіске жетіп, Қазақстан атынан Лос-Анджелестегі әлемдік финалға аттанады.

  • Асия — музыканы нәзік сезініп, әуенмен еркін ағып отыратын биші.
  • Даурен — ырғақты бақылап, оны өз ырғағына бағындыратын орындаушы.

Бұл үш раундқа созылған тартысты баттл болды.

Даурен: жаттығу залынан — әлемдік сахнаға дейінгі жол

Финал жеңімпазы — Даурен Айжарыков (Darren Pop). Алматыдан шыққан биші үшін popping — бұл би ғана емес, 16 жылдан бері сөйлеп жүрген өз тілі. Ол Қазақстандағы көше биінің дамуына елеулі үлес қосқан, Алматыда Time 2 Shock халықаралық фестивалін ұйымдастырған, G-SHOCK брендінің елшісі атанған. Сонымен қатар, Poppin C сияқты әлемдік би шеберлерімен баттлға шыққан.

Даурен Германия, Италия, Францияда жеңіске жетіп, Сингапур, Қытай, Нидерландыдағы жарыстарда үздік нәтижелер көрсетті. Бірақ Red Bull Dance Your Style додасындағы жеңіс — ерекше.

"Бұл жай ғана баттл емес. Мұнда техникадан бөлек, залды өзіңмен бірге алып кету керек. Бұл — шоу. Және бұл — менің сәтім болды", — дейді Даурен.

Музыка — тосын, бірақ таныс

Red Bull Dance Your Style-дың басты ерекшелігі — қатысушылар тректі алдын ала білмейді. Финалда Cher, қазақстандық жас орындаушылар, TikTok-тағы хиттер де ойнатылды.

Бастысы — залды баурап алу

Red Bull Dance Your Style сахнасында жеңімпазды кәсіби қазылар емес, көрермендер анықтайды. Сондықтан бұл — шоу. Техниканы ғана емес, энергияны, харизманы, байланысты көрсету маңызды.

"Бұл баттлдың ерекшелігі — қандай әуен қосылатынын білмейсің. Бірақ бастысы — залға қандай энергия бересің, сол маңызды", — дейді Даурен.

Өткен жылы ол жартылай финалға жеткен еді. Биыл — чемпион. Қазанда Лос-Анджелестегі Clippers Stadium сахнасында өнер көрсетіп, 10 000 көрерменнің алдында ел намысын қорғайды.

Бұл тек баттл емес

Red Bull Dance Your Style — бұл би ғана емес. Бұл — мәдениет, қауымдастық, еркіндік және қозғалыс арқылы сөйлейтін көше рухы.

Серіктестік ақпарат