Енді ҚАЗТЕСТ (мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі) балын ҰБТ балына ауыстыруға болады, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Егер сіз ҰБТ-да бейіндік пән ретінде "Қазақ тілін" таңдаған болсаңыз және ҚАЗТЕСТ тапсырған болсаңыз, енді сізде керемет мүмкіндік бар –ҚАЗТЕСТ нәтижелерін ҰБТ балдарына ауыстыруға болады.
Бұл жоғары оқу орнына түсуді жеңілдетіп қана қоймай, жастардың тілдік сауаттылығын дамытуға, мемлекеттік тілді жетік меңгеруге деген ұмтылысын қолдауға бағытталған", — делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, ҚАЗТЕСТ балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі.
ҚАЗТЕСТ сертификаты балын "Қазақ тілі" пәні бойынша ҰБТ балына ауыстыру шкаласы:
- ҚАЗТЕСТ бойынша В1 деңгейі = ҰБТ бойынша 42 балл;
- ҚАЗТЕСТ бойынша В2 балл = ҰБТ бойынша 46 балл;
- ҚАЗТЕСТ бойынша С1 балл = ҰБТ бойынша 50 балл.
2025 жылғы 13 шілде мен 20 шілде аралығында талапкерлерден гранттар конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылданады. Құжаттарды egov.kz порталы арқылы онлайн немесе жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы (кез келген жақын орналасқан ЖОО-да) тапсыруға болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз