Шымкент әкімдігі халық арасында, интернет кеңістігінде жергілікті атқарушы органдары атынан "пәтер алып беруге көмектесемін" деп заңсыздыққа баратын алаяқтар көбейіп жатқанын еске салып, сақтық танытуға шақырды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Егер осындай күмәнді жағдайға тап болсаңыздар, шұғыл құқық қорғау органдарына хабарласыңыздар.

Тұрғын үй басқармасы қызметкерлері ресми хабарламаларды Шымкент қаласы әкімдігінің және Тұрғын үй басқармасының ресми сайттары, әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы таратады", — делінген хабарламада.

Қауіпсіздік үшін:

  • Жеке деректеріңізді бөгде адамдармен бөліспеңіз;
  • Ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріңіз;
  • Күмәнді хабарламаларға сенбеңіз.

"Алаяқтық әрекетке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеміз.

Сіздерден белгісіз азаматтар жолдаған жалған құжаттамаларға немесе шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттарға сенбеуді, сондай-ақ бейтаныс нөмірлерге ақша аудармауды сұраймыз", — деп ескертті әкімдік өкілдері.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз