Желіде Алматыда Амантай қажы әйелді баспалдақтан итеріп жіберді деген ақпарат тарады. Полицейлер бұл жазбаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бейнежазба Telegram желісіндегі EGOV.PRESS арнасында жарияланды. Автордың айтуынша, Амантай қажы күтпеген жерден әйелді баспалдақтан итеріп жіберген, соның салдарынан жамбасы сынған.

NUR.KZ тілшісі Алматы полиция департаментіне хабарласып, жазбаға қатысты пікір білдіруін сұрады.

"Бұл факті бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған бірқатар тергеу және процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы Алматы полициясы басшылығының бақылауында", — деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз