Бейсенбі, 16 шілдеде көптеген өңірінде күн ыстық болады. Тіпті кей облысты ауа температурасы 42 градусқа дейін жетеді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 17 шілдеде найзағай күтіледі.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі.

Ұлытау облысының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық. Облыстың оңтүстік бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Жезқазған қ.: 17 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 17 шілдеде күндіз 39 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңерең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 17 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 17 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады

Ақтөбе облысының батысында, орталығында найзағай, күндіз батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 17 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, күндіз облыс бойынша найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырау қ.: 17 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сакталады. Орал қ.: 17 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 17 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 17 шілдеде күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

18-19 шілдеде күндіз Абай облысының оңтүстігінде 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 17 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында найзайғай, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысында 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 17 шілдеде күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз қатты ыстық 35 градус күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Көкшетау қ.: 17 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.

Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Талдықорған қ.: 17-21 шілдеде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Атырау облысында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 16 шілдеде солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз