Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бақылау-өткізу бекеттерінде автоматтандырылған жүйе іске қосылды, деп хабарлайды ұлттық табиғи парктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Демалыс күндері Алмарасан мен Аюсай шатқалдарына ағылатын автокөліктердің саны артып, ұзын-сонар кезек пен кептеліс туындайтын. Осы мәселені шешу мақсатында жаңа жүйе іске қосылды. Енді автокөлік жүргізушілері алдын ала төлем жасап, кедергісіз өте алады", — делінген хабарламада.

Жаңа жүйе көліктің мемлекеттік нөмірін автоматты түрде оқып, QR-код арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді.

Автоматтандырылған жүйе Алмарасан, Қаскелең, Бұтақты және Түрген шатқалдарында да іске қосылған. Жақын уақытта Есік көлі және Ақсай шатқалында да іске қосу жоспарланып отыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (@qazaqormany)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз