2025 жылдың 17 шілдесінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ штаттан тыс бас фтизиатр-дәрігері, ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Мәлік Әденов Қазақстанда туберкулёзді қалай емдейтінін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мәлік Әденов бүгінде туберкулёзді диагностикалау мен емдеудің барлық әдістері қолжетімді екенін атап өтті.

"Бүгінде емдеудің жаңа әдістері, жаңа дәрілер мен жаңа технологиялар қолданылуда. Мәселен, біз туберкулёздің ең ауыр дәріге төзімді түрін емдеу мерзімін 24 айдан 9-12 айға дейін қысқарта алдық. Бұл жағдайда тиімділігі 90% -дан асатын препараттардың таблеткалық формалары қолданылады. Бұл емделушілерге де, медицина қызметкерлеріне де қолайлы", – деді ол.

Оның айтуынша, бұрын дәрігерлер туберкулёздің дәріге төзімді түрін 36 ай, яғни үш жылға жуық емдесе, бүгінде бұл мерзім 1,5 жылға дейін қысқарып, тиімділігі 50 пайыздан 85 пайызға дейін көтерілген.

Жалпы, соңғы 10 жылда Қазақстанда туберкулёзбен ауыру көрсеткіші 43 пайызға, таралу көрсеткіші 52 пайызға, өлім көрсеткіші 75,6 пайызға төмендеген. Сондай-ақ туберкулёзбен ауыратын барлық адамдардың белсенді контингенті азайған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 56 пайызға төмендеп, 8701 адамды құрады. Белсенді контингенттің төмендеуі 2025 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша 609 адамға немесе 7%-ға.

2025 жылдың 24 сәуірінде Қазақстанда туберкулёздің алдын алу шараларының ережелері өзгертілгені хабарланды. Құжатқа сәйкес, балалар (0-17 жас) туберкулёзге шалдығу қаупі жоғары санатқа жатады.