Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 17 шілдеде сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 6,05 теңгеге көтеріліп, 532,74 теңге болды.

Рубльдің орташа сараланған бағамы 6,81 теңгеге (+0,06) дейін көтерілді.

Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 74,09 теңге (+0,84) болды.

Ақша айырбастау орындарында доллар 532,9-535,5 теңге, еуро 614,5-619,5 теңге, рубль 6,69-6,81 теңге аралығында сатылуда.

17 шілдедегі сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы көтерілуде.

Осылайша, Лондонның ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы $0,13-ке қымбаттап, $68,65 құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы $0,23 өсіп, $66,61 құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 526,5 теңге, еуроны 611,64 теңге, рубльді 6,72 теңге деп белгіледі.