Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшысының уақытша міндетін атқарушы болып полковник Назарали Селімов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа басшыны жеке құрамға ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы Даурен Есімсеитов таныстырды.

Назарали Ғаджимағомедұлы 1985 жылғы 14 мамырда Ресейде дүниеге келген. Балалық және жастық шағы Ақтау қаласында өткен.

2007 жылы Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітіріп, сол жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызметін бастаған.

Аймақтық бөлімшелерді басқару бойынша мол тәжірибесі бар. 2017 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы, 2020 жылы Маңғыстау облысы ТЖД-де, 2021 жылы Астана қаласы ТЖД-де қызметін жалғастырған. 2024 жылғы мамырдан бері Атырау облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.