ATP 250 санатындағы топырақ төсенішіндегі турнир Швейцарияның Гштаад қаласында жалғасып жатыр. 17 шілдеде 1/8 финал кезеңінің матчтары өтіп, Қазақстан ерлер құрамасының үздік теннисшілері өзара кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Александр Бублик пен Александр Шевченко арасындағы тартыс бұған дейінгідей шиеленісті бола қоймады. Қазақстанның бірінші ракеткасы командаласына тек бір ғана мүмкіндікті ұсынды.
Дегенмен еліміздің екінші ракеткасы тек екінші сеттің басында сәл қарсылық көрсетіп, бір геймді өз пайдасына шешті.
Қалған ойында Бублик мүлтіксіз әрі қарсыласқа еш мүмкіндік берместен ойнады. Нәтижесінде, 1 сағат 1 минутта қарсыласын 6:2, 6:3 есебімен жеңіп шықты.
Осылайша, турнирдің екінші нөмірлі ракеткасы саналатын Александр Бублик ширек финалға өтті. Енді ол 18 шілдеде аргентиналық Франциско Комесаньямен (ATP №74) кездеседі.