Белгілі боксшы Махмұд Сабырхан ғылым магистрі атанды. Бұл туралы былғары қолғап шебері әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Боксшы Мұхтар Әуезов атындағы университеттің "Спорт менеджменті" білім беру бағдарламасы бойынша ғылым магистрі атанған.
"Білім нәрімен сусындатқан барша мұғалімдеріме алғыс білдіремін. Еңбектеріңіз жана берсін!Дана қазақ "Білімдіге дүние жарық" дейді. Бұл оқу орнында алған білімім алдағы өмір жолында пайдаға асады деп білем!" — деп жазды Махмұд Сабырхан Instaram-дағы аккаунтында.
Желі қолданушылары боксшыны білім саласындағы жетістігімен құттықтап, жылы лебіздерін жазуда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Sabyrkhan Makhmud (@sabyrkhan_makhmud)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз