Қазіргі уақытта Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 шілдеде әртістік жүзуден жұптық сайыс аяқталды.

Қазақстанның атынан техникалық бағдарламаның жұптық сынында Ясмина Тұяқова мен Арина Пушкина өнер көрсетті.

Олар 249.1542 ұпай жинап, жарысты 16-орынмен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін жекелей сайыста Карина Магрупова финалға өткен болатын.

Еске салайық, Карина Мағрупова әртістік жүзуден әлем чемпионатының финалына шыққанын хабарлаған едік.