Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 34-орын) 18 шілдеде Швейцарияның Гштаад қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирде сәтті өнерін жалғастырып, жарыстың жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ширек финалда Бублик аргентиналық Франсиско Комесануды (ATP №74) 6:4, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңді. Бір сағаттан сәл аса уақытқа созылған матч барысында қазақстандық теннисші ойын тізгінін уысынан шығармай, қарсыласына өз геймін бірде-бір рет алуға мүмкіндік бермеді.
Жартылай финалда Бублик швейцариялық Жером Ким (ATP №154) мен франциялық Артюр Казо (ATP №116) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Жартылай финалға шығу арқылы Бублик 100 рейтингтік ұпай мен 31 090 еуро көлемінде жүлде сомасын иеленді.