Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
19 шілдеде Карина Мағрупова әртістік жүзуден техникалық соло бағдарламасының финалында ел намысын қорғады.
Отандасымыз 233.5199 ұпай жинап, 11-орынды иеленді.
Қытайлық Хуиянь Сюй бірінші орынға ие болды — 272.9917. Күміс жүлде Василина Хандошкаға (Ресей) бұйырды — 260.5416. Ал Ирис Тио Касас (Испания) 260.2917 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді.