Ресей мен Украинаның келіссөздер жүргізетін делегациялары Түркияның Ыстамбұл қаласында қайта кездесуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
KP.RU-ның хабарлауынша, Украинадағы әскери қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөздердің алдыңғы екі раунды Түркияның ең ірі қаласында өткен.
Үшінші кезеңнің қашан басталатыны әзірге белгісіз. Украин тарапы оны келесі аптада өткізуді ұсынды.
16 мамыр мен 2 маусымда өткен алдыңғы кездесулерде делегациялар тұтқындарды алмасу туралы келісті, сондай-ақ атысты тоқтату шарттары туралы бір-біріне меморандумдар ұсынды.
Бұған дейін Владимир Зеленский Ресейге берген ультиматумынан кейін Трамппен сөйлесіп, Трамптың өзі де бірқатар маңызды саяси мәлімдемелер жасаған болатын.