Бокстан әлем чемпионы және Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін сәтті бастады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық былғары қолғап шебері 23 жастағы филиппиндік Кристиан Леганмен (6-2-3, 4 KO) қолғап түйістірген.
Жекпе-жек барысында Сәкен басымдық танытып, қарсыласын нокаутқа жіберген. Осылайша, ол жарысты ерте аяқтаған. Екінші жеңіл салмақтағы кездесу алты раундқа белгіленген еді.
Айта кетейік, бұған дейін төрт жыл рингке шықпаған Данияр Елеусінов АҚШ-тағы жекпе-жегін жеңіспен аяқтағанын жазған едік.
Қазақ боксшысы Вашингтон қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде филиппиндік Джеймс Бэконмен жұдырықтасып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз