Танымал әнші Төреғали Төреәлі отбасымен бірге Алматыдан Астана қаласына көшіп кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы әлеуметтік желідеге парақшасында әншінің қарындасы Фариза Төреәлі жазды.
Фариза Төреәлі енді барлығы бір қалада тұратынына қуанышын білдірді. Отбасылық видеолардан кіші қарындасы Дина Төреәлінің де Астанада серуендеп жүргенін көруге болады.
”Ағам мен жеңгем Астанаға көшті. Аллаға шүкір! Астана ұнап жатыр, орнығып үйренісіп жатыр. Енді бір қалада бәріміз”,- деп жазды Фариза Төреәлі.