Астанада ел тарихындағы алғашқы әрі ауқымды "BaiQymyz – бапталған қымыз" гастрофестивалі мәресіне жетіп, "Ең үздік қымыз" байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды елорда әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің мәліметінше, қазақтың ұлттық сусыны – қымызға арналған бұл мәдени шараға екі күнде 70 мыңнан астам қонақ келген.

Фестивальдің ең маңызды сәттерінің бірі еліміздің түкпір-түкпірінен келген қымыз өндірушілер арасында өткен "Ең үздік қымыз" байқауы болған.

Жеңімпаздар фестиваль қонақтарының дауыс беруі арқылы анықталып, қомақты қаржылай сыйақымен марапатталған.

"Ең үздік қымыз" байқауының жеңімпаздары:

  • І орынды Абай облысы Саржал ауылындағы шаруа қожалығы иеленген. Жеңімпазға берілген сыйақы – 20 млн теңге;
  • ІІ орынды Қарағанды облысындағы шаруа қожалығы иеленген (Қарқаралы қымызы). Жеңімпазға берілген сыйақы – 15 млн теңге;
  • ІІІ орын – Ақмола облысындағы шаруа қожалығына бұйырған (Қымызнай қымызы). Сыйақы – 10 млн теңге.

Сондай-ақ фестиваль аясында алғаш рет "Ер Қанаты" атты жылқы көрмесі өткен. Бұл көрмені 3 000-нан астам адам тамашалаған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз