Оқу-ағарту министрлігі "Бағанашыл" балалар үйіндегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды министрліктің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Аталған мәселеге байланысты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бүгінде оқиға орнында. Қала әкімі Дархан Сатыбалдымен бірге тәрбиеленушілердің қауіпсіз өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге және оқу үдерісін ұйымдастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
Қалыптасқан жағдайға байланысты балаларға қажетті психологиялық қолдау көрсетіледі. Жетім балалардың заңнамада кепілдік берілген барлық құқықтары қатаң сақталады", — деп жазды министрліктің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы Facebook-тегі парақшасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз