Белгілі журналист Мұхтар Түменбай 55 жасына қараған шағында дүниеден озды. Бұл туралы "Қазақстан" телеарнасы хабарлады.
Белгілі журналист, жазушы Мұхтар Түменбай 55 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Ол 1970 жылы 11 тамызда дүниеге келген.
Еңбек жолында бірқатар басылымдар мен республикалық телеарналарда жұмыс істеді. 1992 жылы "Таңшолпан" бағдарламасының алғашқы журналистерінің бірі болса, 2010-2012 жылдары бағдарламаға жетекшілік етті. "Qazaqstan» телеарнасының көрермендеріне "Апта" ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі ретінде де кеңінен танымал. Арна эфирінен шыққан соғыс қаһармандарына арналған "Мәншүк. Әкеге араша түскен қыз", "Төрт қайсар", "Әлия. Ерлік алгоритмі", "Аспанды бағындырған Хиуаз" деректі фильмдерінің авторы.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз