Бокстан әлем чемпионы және Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін сәтті бастады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
20 шілдеде Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен бокс кешінде қазақ былғары қолғап шебері 23 жастағы филиппиндік Кристиан Леганмен (6-2-3, 4 KO) қолғап түйістірген.
Жекпе-жек барысында Сәкен басымдық танытып, қарсыласын нокаутқа жіберген. Осылайша, ол жарысты ерте аяқтаған. Екінші жеңіл салмақтағы кездесу алты раундқа белгіленген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от (@sakenbibosinov)
Айта кетейік, бұған дейін төрт жыл рингке шықпаған Данияр Елеусінов АҚШ-тағы жекпе-жегін жеңіспен аяқтағанын жазған едік.
Қазақ боксшысы Вашингтон қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде филиппиндік Джеймс Бэконмен жұдырықтасып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз