Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 465 150 теңгенің 96 жалған ақша белгісін (93 банкнота және 3 монета) анықтады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Көбіне 5 000 теңгелік номинал қолдан жасалған. 85 дана банкнота жалпы тәркіленген ақшалардың 88,5%-ы. Одан кейін 5 дана (5,2%) – 2 000 теңгелік номиналға, 3 дана (3,1%) – номиналы 10 000 теңгелік банкноталарға, қалған 3,2% – монеталарға тиесілі.

Ұлттық банк шынайы банкноталарды қолдан жасалған ақшадан өз бетінше ажыратуға көмектесетін қарапайым ережелерді еске салады.

Шынайы банкноталарда көзбен қарап және қолмен ұстап анықтауға болатын бірнеше қорғаныш белгілері бар. Ол белгілермен Ұлттық банктің ресми сайтында танысуға болады.

Қазақстан Ұлттық банкі банкноталарды қолдан жасауға жол бермеу үшін тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді және азаматтарды қолма-қол ақшаны пайдаланған кезде мұқият әрі сақ болуға шақырады.

Егер шынайы ақша белгілеріне ұқсас күмәнді банкноталар кезігетін болса, дереу құқық қорғау органдарына жүгінген жөн.